«Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ мәдени-бымыстық комиссиясының (МБК) мүшелерімен кездесті.
???? 2026 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жетісу облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің өкілдері Жетісу облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ мәдени-бымыстық комиссиясының (МБК) мүшелерімен кездесті.
Біздің «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ — стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеме. Бүгінгі таңда орталықта 335 қызмет алушыға 7 бағыт бойынша сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Кездесу барысында тараптар қызмет алушылардың бос уақытын сапалы ұйымдастыру мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты аясында олардың ұсыныстары мен бастамаларын талқылады. «Шапағат» орталығының қызмет алушылары талқылауға үлкен ынтамен қатысты.