«Текелі қалалық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы «Шапағат» КММ-де «Қамқор жүректер!» атты Әлеуметтік қызметкер күніне арналған салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті.
2026 жылғы 30 қазанда Жетісу облысы Еңбек және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мемлекеттік мекемесі «Текелі қалалық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы «Шапағат» КММ-де «Қамқор жүректер!» атты Әлеуметтік қызметкер күніне арналған салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті.
Іс-шараның салтанатты бөлімінде орталық директоры Маджитова Ильмира Расимовна қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, әлеуметтік қызметкерлер еңбегінің маңыздылығы мен қоғамдағы рөлін, олардың жанқиярлығы мен өз ісіне деген адалдығын атап өтті. Іс-шара барысында көп жылғы еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін үздік қызметкерлер Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Ресми бөлімнен кейін қонақтар мен іс-шара қатысушыларына Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мен «Шапағат» орталығы қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
Бұл кеш өзгелерге қамқорлық жасауды жай ғана жұмыс емес, жүрек қалауы мен өмірлік парызына айналдырған жандардың басын қосты.