Үй туралы
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1990 жылы құрылған.
«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» 1, 2-топтағы мүгедектердің және жасы ұлғайғандығына байланысты өзіне өзі қызмет ете алмайтын жандардың стационар жағдайында тұрақты тұруына арналған.
Медициналық –әлеуметтік мекемеге зейнеткерлік жасқа толған, өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулығына байланысты стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж, ата-аналарын (жұбайын) асырауға және күтуге міндетті, еңбекке жарамды кәмелеттік жасқа толған балалары (жұбайы) жоқ немесе оларға белгілі бір себептерге байланысты тұрақты көмек көрсете алмайтын жақын туыстары ғана ( жасы ұлғаюына байланысты, 1,2-топ мүгедектігіне байланысты, онкологиялық, психологиялық ауру болғандығына байланысты, бас бостандығына айыру мекемелерінде болғандықтан немесе мемлекеттен тыс жерге тұрақты көшіп кетуіне байланысты) болған жағдайда қабылданады.
Мемелекеттік қорғаншы және қамқоршы органдарының Қазақстандық жүйесі бүкіл әлемдік адамгершілік-әлеуметтік құндылықтарға негізделген, ал қарттар мен мүгедектердің жайлы өмір сүруін оңтайлы ұйымдастырудың ең қолайлы нысаны 1990-1992 жылдары стандартты жоба бойынша бүгінгі күнді есепке ала отырып, «Металлург» шағын ауданында салынған «Текелі қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық –әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемелекеттік мекемесі тек қазақстандық қана емес, сонымен қатар әлемдік стандарттарға сай.
Кешенді интернат үйі 350 орынға арналған, жалпы ауданы 16010 м2 , онда 123 тұрғын бөлме, емхана, асхана, діни рәсімдер өткізу бөлмелері, тұрмыстық бөлмелер, демалыс бөлмелері, жаттығу залдары, сенсорлық бөлмелер, монша, шайынатын бөлмелер, емдік-еңбек шеберханасы, шаштараз тағы да басқа бөлмелер бар. Қызмет алушылар құрамы Алматы облысының аудандары мен қалаларының жалғыз басты және қарт азаматтарынан тұрады.
Әр қызмет алушының бабын табу – медициналық-әлеуметтік мекеменің ең негізгі көрсеткіші. Дәрігер, психолог, әлеуметтік жұмыс маманы бірігіп қызмет алушыны келген бірінші күнінен бастап оның физикалық және психологиялық денсаулығын, мінезіндегі ерекшелігін, мәселелерін зерттеп анықтайды. Жеке оңалту бағдарламасы жасалады. Жаңадан келушімен арнайы мамандардың күнделікті қарым-қатынаста болуы өмірдің басқа тұрмыстық жағдайында өмір сүрген қарт адамға жақсы әсер етіп, қорқыныш пен депрессиядан шығуына көмек көрсете отырып бейімделу уақытының жағымсыз жақтарын мүмкіндігінше жоюға ықпал етеді.
Жұмыстағы негізгі бағыт: қызмет алушыларға үй жағдайына жақын барынша жайлы жағдай тудыру, медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетудің заманауй базасын ұйымдастыру, ұжымның мекемеде өмір сүру жатқан қарттар мен мүгедектерге медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетудегі әр бір мүшесінің тұрақты және сапалы қызмет көрсетуін қамтамыз етеді. Тұрғындарды мекемеде тиесілі территорияның абаттандыруына, шеберханадағы жұмыстарын, үйірмелерге, асханаға т.б. мекеменің ішкі танысына әсер ететін жұмыстарға барысынша мол араластыру. Біздің ұран – «Біздің үй- баршаға ортақ отбасы» Мекемедегі қызмет алушылардың денсаулығы мен ұзақ өмір сүруінің негізі тұрғындар арасындағы бірбіріне деген мен сыйластық.
Интернат үйіндегі көрсетілетін әлеуметтік көмек мазмұнына қарай әр түрлі және әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық қызмет жиынтығын құрайды. Соған сәйкес олар әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, экономиқалық, құқықтық, психологиялық, мәдени-қызмет көрсету, еңбекке баулу және еңбекке араластыру. Әлеуметтік қызмет көрсетудің бұл түрі қарт адамның және мүгедектің жеке өзіне тән ерекшеліктерін есепке алады, себебі олардың әр қасысытолық және жартылай өзіне өзі қызмет көрсету қабілетін жоғалтқан, стационар режимінде қызмет көрсетуді қажет ететін аурулары бар. Осының бәрі қарт адамға немесе мүгедекке қажетті қызмет түрін анықтауда есепке алынады. Олардың бірі негізінен психологиялық қызметке (әлеуметтік оңалту), еңбекке араластыруға, ал енді бірі көбінесе медициналық қызметке зәру.
Стационарлы әлеуметтік қызметің негізгі мақсаты: қарттар мен мүгедектерге толық болмаса да, тым болмас толыққанды дұрыс өмір сүруге жақындатылған жағдай тудыру.
Мекеменің инфрақұрылымы дамыған: медициналық блогты тұрғындар корпусы, залалсыздандыру, кір жуу және монша комплестері, ас әзірлеу блогы, қоймалар, көкөніс сақтайтын орын, траспортық және әкімшілік шаруашылық қызмет бар. Психологиялық жеңілдету бөлмесі, сиыну бөлмесі, арнайы жабдықталған медициналық кабинеттер бар.
Мекеменің бүгінгі құрылымы әлеуметтік –тұрмыстың және медициналық қызметті комплесті түрде жүзеге асыруға әлеуметтік оналту шараларын жүргізуге мүмкіндігін береді.
Медициналық қызмет лицензияға сәйкес жүзеге асырылады. Білікті медициналық көмек ұйымдастырылады және дәрімен қамтамасыз етілген, тар шеңбердегі дәрігерлер жұмыс жасайды. Интернат дәрігерлері жүйелі түрде тексеруден өткізіп, емделушілерді емдеп, оларды динамикалық және диспансерлік бақылайды, медициналық және әлеуметтік оңалтуды жүзеге асырады. Терапия бөлімінде жаңа дәрілік препараттарды қолдану арқылы емдеудің замаауи әдісі қолданылады.Интернат үйдің дәрігерлері науқасты жан-жақты емдейтіндіктен, уақытылы тексеріп, денсаулық жағдайын тұрақты бақылауға алатындықтан тұрғындардың өмір сүру жасын мүмкіндігінше ұзартады.
Төсек режимінде жатқан қарттар мен мүгедектерді күту төмендегідей жүргізіледі. Бұндай жағдайдағы азаматтардың барлығына әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық қызметтер, әлеуметтік-медициналық көмек, мамандар кеңесі тұрып жатқан бөлмесінде көрсетіледі. Тұрғындарды күтуде әр түрлі жеке гигиеналық заттар және оңалтудың техникалық заттары: функционалды төсектер, ойылуға қарсы төсеніштер,жүріс арбалары, балдақтар, мүгедектік кресло- арбалар, жылжымалы үстелдер, жуынуға арналған көтергіштер, арбамен жүретіндерге арналған пандустар тағы да басқа мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдетуге арналған заттар қолданылады.
Мекеменің іші де, сыртқы территориясы да таза әрі жайлы. Тұрғындар үшін жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жол, демалыс орындары, жайлы күркелер салынған, жасыл көшеттер отырғызылған. Кешкі және түнгі уақытта мекеме територясы әдемі шамдармен жарықтандырылған.
Мекемеде 5 уақыт теңестірілген калориялы тамақтану ұйымдастырылған. Тамақтандыру 30 күндік мәзір бойынша дайындалады. Күнделікті ас мәзіріне ет тағамдары, сүт тағамдары, жаңа піскен жемістер мен көкөністер кіреді.
Интернат үйдің тұрғындары өздерінің шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін, өзіне өзі қызмет көрсету машықтарын дамытуға, әртістік және спроттық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндіктері бар. Мекемде клубтар мен үйірмелер жұмысы дамыған. «Белая ладья» шахмат клубы, «Надежда» хор үйірмесі, «Шебер қолдар» клубы жұмыс жасайды.
Сонымен қатар мекемеде қызмет алушылар арасында шығармашылық байқаулар, көремелер (ең жақсы қолөнер бұйымы, ең жақсы сурет т.б)өткізіледі, ең жақсы бөлме байқауы, шахмат және дойбы сайыстары тағыда басқа көптеген байқаулар өткізіледі.
Мекеме психологтарымен жеке оңалту бағдарламалары жүзеге асырылады. Бағдарламалар бойынша жұмыс жасау тұрғындарға психологиялық түзетудің жолдарын анықтауға, ұжымның бір бірімен дұрыс қатынасын, сенімділікті, әлеуметтік белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Жүргізілген тәуелсіз зерттеулер тұрғындардың басым бөлігінің (96% -дан артық) барлық қызмет көрсету түрлеріне толық көңілдері толатындықтарын көрсетті.
Әлеуметтік қызметтің жоғары дәрежеде көрсетілуі мен қызмет алушылардың лайықты жағдайда өмір сүруінің арқасында 2015 жылы интернат үйдің тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасты құрады.