Қазақстан Республикасының Президенті Республика күніне орай бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады. Марапатталғандардың қатарында «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аға медбикесі Абдыкулова Анар Рахманбековна да бар.

Бұл — өз ісіне адалдықтың, кәсіби шеберліктің және халыққа қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі. Медицина саласында табанды еңбек етіп, қызмет алушылардың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық танытып жүрген әріптесіміздің еңбегі зор құрметке лайық.
Орталығымыздың ұжымы Абдыкулова Анар Рахманбековнаны жоғары марапатымен шын жүректен құттықтайды! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық және толағай табыс тілейміз!