«Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкері Болысбаева Ботакөз Сұраншиновна Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ертаев Асқарбек Маратұлының атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкері Болысбаева Ботакөз Сұраншиновна Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Ертаев Асқарбек Маратұлының атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бұл марапат — әлеуметтік қорғау саласындағы адал еңбектің, жоғары кәсібиліктің және халыққа қызмет ету жолындағы жауапкершіліктің лайықты бағасы.
Әлеуметтік сала қызметкерлері қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетіп, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоғамдағы белсенділігін арттыруға зор үлес қосып келеді.
Орталық ұжымы әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтайды! Еңбегіңіз әрдайым еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық және кәсіби қызметіңізге толағай табыс тілейміз!