«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019 жылы жасалынған жұмысының есебі
«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2019 жылы жасалынған жұмысының есебі
«Шапағат» орталығы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан республикасыденсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына енгізілген 2019 жылғы 13 мамырдағы №238 бұйрығын және басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.
Мекемеміз 350 орынға есептелген. 2018 жылғы 26 қазанда облыс әкімінің № 505 қаулысымен бекітіліп, 15 қарашада 30 орынға арналған күндізгі болу бөлімі ашылды.Күндізгі болу бөлімнің жұмыс уақыты: күн сайын 8-00-ден 17-00-ге дейін (демалыс және мереке күндерінен басқа).
Халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында мекемемізде қызмет алушы мүгедектермен тұрғындарғабарлық мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтсақ: Ғимараттың барлық корпустарына кіретін жеке есігі және кедергілерсіз жүріп тұруға арналған пандустармен вертикальды, горизантальды көтергіштері бар. Ғимараттар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді және кедергісіз қозғалыста барлық медициналық кабинеттер мен тренажерлерге бару үшін көтергіш лифттер жұмыс жасайды. Сонымен қатар психологиялық жеңілдету мақсатында сенсорлық кабинет, массаж кабинеті, еңбек терапия кабинеттері, кітапхана, шахмат клубы, бильярд бөлмесі, профессор Бубновскийдің көпсалалы тренажерлық кабинеті, физио кабинеті, фитотерапия кабинеті, тәулік бойы денсаулықтарын бақылайтын алты медициналық постар қызметтер көрсетеді.
Қызметті алушылар дәрігердің нұсқауы бойынша қолмен массаж алуға мүмкіндіктері бар. Қолданатын терапиялық шаралар; әлеуметтік-психологиялық кеңес беру, психологиялық тренингтер өткізу. Бос уақытты ұйымдастыру мекеме қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Жұмыс жоспарына сәйкес бұқаралық мәдени шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Егде жастағы адамдарды қоғамдық өмірге тарту, білім мен тәжірибе алмасу бойынша жұмыс жүргізілді. Күндізгі болу бөлімінің қызмет алушыларына арнап өткізілген іс шаралар: көркем оқулар, пікірталастар, әдеби кештер, музыкалық терапия, фильмдер көру, шахмат және дойбы турнирлері, би кештері, көркем әдебиеттері үнемі ұсынылып отырады.
01.01.2020 жылғы есеп бойынша қызмет алушы тұрғындар саны 317 адам.
Стационарлық қызмет алушылар - 288 қызмет алушы,
оның ішінде: ер адам 188, 100 әйел адам.
Ұлттық құрамы бойынша
147 – орыс ұлты,
105 – қазақ ұлты,
36 – басқа ұлттар.
Жас құрамы бойынша:
20- 50 жас аралығында – 13,
51 – 60 жас аралығында – 23,
61 – 80 жас аралығында 182,
81-90 жас аралығында – 62,
91-100 жас аралығында 8 тұрғын тұрады.
Күндізгі болу бөлімнің қызмет алушылары - 29 адам,
оның ішінде: 11 ер адам, 19 әйел.
Ұлттық құрамы бойынша :
10-орыс ұлты ,
14-қазақ ,
5-басқа ұлттар.
Жас құрамы бойынша:
60-70 жас аралығында – 10,
71-80 жас аралығында – 13,
81-90 жас аралығында – 6.
Орталықта барлығы 69 қызмет алушы мүгедектер бар ,
соның ішінде: 1 топтағы – 34,
2 топтағы – 34,
3 топтағы – 1,
арбамен жүретіндер
таяқпен жүретіндер
30 – 39 жас аралығындағы тұрғындар - 3
40 – 49 жас аралығындағы тұрғындар - 10
50 – 58 жас аралығындағы тұрғындар - 14
59 – 63 жас аралығындағы тұрғындар - 9
64 – жас аралығындағы тұрғындар - 33
Орталықтағы мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасы әзірленген, сол бағдарлама бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Мекемеге жаңадан келген мүгедектің бүкіл құжаттары Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткізіледі. Әр тоқсанда жеке оңалту бағдарламасының орындалуы бойынша мониторинг құрастырылады.
Штат бойынша қызметкерлер мен жұмысшылардың жалпы саны – 240,5 бірлік, мекеме кадрлармен толық қамтамсыз етілген. Біліктілігін арттырудан 15 маман өткізілді. Қызмет көрсететін барлық мамандардың біліктіліктері жылма-жыл мерзімі келген кезде өткізіліп отырады.
Бүгінгі таңда: 239,5 қызметкерлер мен жұмысшылар жұмыс атқарады, соның ішінде:
Басқарушы және шаруашылық қызметкерлер – 37
Әлеуметтік қызметкерлер -8
Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетушілер-139,5
Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетушілер-45,
оның ішінде: дәрігерлер саны- 7
Әлеуметтік- психологиялық қызмет көрсетушілер- 2
Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетушілер -3
Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетушілер- 4
Әлеуметтік – құқықтық қызмет көрсетушілер-1
Еңбек заңнамасы, нұсқаулық және мекеме бастығының бұйрықтарына сәйкес жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, ауыстыру жұмыстары рәсімделеді.
2018 жылы 15 маман квалификациялық біліктілігін көтеру курстарына барды. Жылдың басында жұмыскерлердің еңбек демалысының кестесі бекітіледі. Кестеге сәйкесжыл сайынғы еңбек демалыстарында болады.
Азаматтық қызметкерлердің еңбек өтілінің есебін арнайы құрылған комиссиямен бірге жүргізеді. Қызметкерлер мен жұмысшылардың саны, сапалық құрамы үнемі бақылауда отырады. Мекеменің ішкі тәртіп ережесі, лауазымдық міндеттермен, қызметкерлер мен жұмысшылар таныстырылады.
Мекемеде дәріхана меңгерушісінің орны бос, электрондық еңбек биржасында тіркеуде бар.
Текелі қаласының жұмыспен қамту орталығымен тығыз жұмыс жасалынады, жұмысқа орталықтың жолдамасымен қабылданады, жұмыс орны босаған уақытта үш күннің ішінде орталыққа хабарлап отырамыз және электрондық еңбек биржасына тіркеуге қойылады.
Орталықтың ұжымдық шарты облыстық еңбек инспекциясымен келісілген. «Шапағат» орталығының істер номенклатурасы «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің СТ және ӘК мәжілісінің хаттамасымен келісілген. Текелі қаласының архивімен тығыз жұмыс жасаймыз, жұмыс барысындағы құжаттарды уақытылы жүргіземіз. Жұмысқа жаңадан қабылданған әскери міндеттегі жұмыскерлердің Т-2 карталарына Ескелді ауданының «Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде» уақытылы тіркеуге қойылуы қадағаланады. Мекемеде қолданыстағы заңдар мен бекітілген стандартты оқыту бағдарламасының жұмыс жоспары құрылып, жыл бойы жоспарға сәйкес мекеменің мамандарын 15 рет жинап, оқып - түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мен қолдану бойынша ақпараттық насихат тобы құрылды, топ дайындаған жылдық жұмыс жоспар бойынша жұмыс атқарды.
Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы келіп «Сыбайлас жемқорлық туралы» ұжыммен видеофильмдер көрсетіп, анкета толтырып, ауызша сұрақ жауап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Текелі қаласы әкімінің орынбасары С.Болысбайұлы, қала прокуроры Д.Қарашев және прокурордың орынбасары Е.Майлыбаев, қалалық аурухананың бас дәрігері Е.Целищева, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кеңесші маманы З.Шаяхметова, зейнетақы төлеу орталығының бөлім басшысы С.Даулетова , Текелі тынысы газетінің бас редакторы Т.Тұрлыбаева мекеме қызметкерлерімен жоғарыда аталған тақырыпта дөңгелек үстел жүргізді.
2018 жылы облыстық еңбек инспекциясы кадр жұмысын тексерді, ешқандай қателіктер анықталған жоқ. Мерекелерде қызметкерлер мен жұмысшылар мақтау грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды, мекеменің екі қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болды. Облыстық және қалалық іс шараларға үзбей қатысып, жүлделі орындарға ие болып отырдық.
2018 жылдың басында мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы жүргізу мақсатында жылдық жұмыс жоспары құрылып мекеменің директорымен бекітілді.
Орталықта стандартта бекітілген бойынша 7 түрлі әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Олар:
Әлеуметтік медициналық қызмет.
Медициналық штаттар дәріхана меңгерушісінен басқасы толығымен жабдықталған. Тұрғындарға № 025у формалы медициналық карта ашылған. Медициналық карталар медициналық бөлімде сақталады. Тұрғындар үнемі 6 медициналық постың бақылауында болады.
Қызмет алушылар РПН –ға қалалық емханаға толығымен тіркелген, аурулардың амбулаторлық карталары толтырылады.
Медициналық көмек уақытылы жұмыс орнында және қалалық аурухана жағдайында, сондай-ақ облыстық стационарларында көрсетіледі.
Терапевтік көмек емханалық стационар көлемінде көрсетіледі. Барлық қажетті тексерулер мен мамандардың кеңестері қалалық медициналық мекеме негізінде өткізіледі. 2018 жылы медициналық әлеуметтік сараптамадан 8 адам өтті. Аурухана жағдайында 56 адам емделуден өтті. Соның ішінде хирургиялық бөлімнен – 20 адам, шел басудан, яғни көзге жасалынған операциядан – 10 адам, кардиология – 7 адам, терапиядан – 10 адам жатты , зире медициналық орталығында - 2 адам, ХАК медициналық орталығында – 4 адам, онкодиспансерде -3 адам ем алды.
Дәрігерлік консультацияда болған тұрғындар көз дәрігері - 79, хирург-44, травматолог -104, онколог-3, невропатолог - 90, уролог - 25 , дерматолог - 6, кардиолог - 66, эндокринолог -22, гинеколог - 7, фтизиатр -37, инфекционист -12. Скрининг өткен – 65 адам 100% өтті. _Өкпе флюорографиясынан 100 % - 317 қызмет алушы тұрғындар өтті. Обыр сырқатына барлық қызмет алушылар тексерілді.
Медициналық-әлеуметтік мекемедегі 88 тұрғын терапевт дәрігерінде «Д» есебінде тұрады.
ИБС – 13
Қант диабеті –19 адам
Қан қысымының көтерілуі – 51 адам
Қатерлі ісік – 5
Жыл бойы диспансерлік аурулар бақыланып және профилактикалық тексеруден өтіп, уақытылы профилактикалық емдеу алып отырады. Тұрғындар 279 адам тұмауға қарсы вакцинация алды. Бірінші медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектер бар. «Шапағат» орталығында жабдықталған дәріхана бар, тұрғын адамдарға фито бар ұйымдастырылған, психикаға тез әсерленгішті жеңілдету сенсорлы кабинеті жұмыс жасайды.
Сол сияқты диспансерлік есепте тұратын қызмет алушы тұрғындарға учаскелік дәрігердің тағайындауы бойынша қызмет алушы тұрғындарға әр токсан сайын тегін дәрі – дәрмектер берілді.
Медициналық-әлеуметтік мекемеде паллиативті жабдықталған 3 бөлме қызмет істейді.
Паллиативті көмек бөлменің техникалық жабдықталу тізімі:
|
№
|
Жабдықтың атауы
|
Саны
|
|
1
|
Кереуеттер
|
18
|
|
2
|
Үрмелі матрастар
|
18
|
|
3
|
Кереуетке арналған үстел
|
18
|
|
4
|
Ауаны ылғалдағыш
|
3
|
|
5
|
Иіссорғыш
|
3
|
|
6
|
Пластмассалы әжет ыдысы
|
18
|
|
7
|
Бір рет пайдалынатын дененің қуыстарына енгізілетін қуыс түтік
|
50
|
|
8
|
Зәр қабылдағыш
|
18
|
Медициналық-әлеуметтік қызметкерлермен паллиативті бөлмедегі науқастарға қарау, күту, қадағалау өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған шаралар үнемі өткізіліп отырады. Бөлмелерде ауруларға арналған медициналық-әлеуметтік, психологиялық көмек тәулік бойы ұйымдастырылған. Аурудың терминалды сатысында сырқаттың ауру белгілерін жеңілдету үшін терапия өткізіледі. Емделушілер қызметкерлердің қамқорлығында және кез келген уақытта туған-туысқандарымен кездесуге мүмкіншіліктері бар.
Жаңадан келген барлық адамдар 14 күндік мерзіммен оқшаулау бөліміне бағытталады. Жеке шығу есіктері бар және жуынатын бөлме, дәрет хана, буфетпен қамтылған оқшаулау бөлімі 1 қабатта орналасқан. Бөлімше 6 төсек орынға есептелген.
Жаңадан келушілер қышыма бөртпесіне, педикулезге және толық санитарлық тексерістен өткізіледі. Оқшаулау бөлімшесіндегі ішкі тәртіп ережелері туралы сұхбат жүргізіледі. Оқшаулау бөлімінде уақыттың өтуіне байланысты тұрғындардан ішектер тобына бактериологиялық анализ алынады. Тексеру қалалық СЭС жанындағы бактериологиялық зертхана негізінде өткізіледі. Есеп беру мерзімінде оқшаулау бөлімшесінен 58 адам өтті. Оқшаулау бөліміне түскен адамдардың киімдері өңдеу бөлмесіне түседі. Тұрғындарды денсаулық жағдайына, мінез үйлесімділігіне, әдеттеріне қарай бөлмелерге ауыстырылады.
Тұрғындарға санитарлы-гигиеналық тәрбие бойынша, медициналық қызметкерлер санитарлық тәртіп пен күн тәртібін сақтау, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету туралы дәріс пен сұхбаттарды жүйелі түрде өткізіп отырады.
Дәрігерлер, мейір бикелер айына бір рет әртүрлі медициналық тақырыптарда конференциялар өткізіп тұрады. Диеталық тағам бойынша мейір бике тұрғындарға тамақтанудың дұрыс теңдестірілуі туралы дәрісті жүйелі түрде түсіндіріп отырады.
Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету бойынша қызметкерлерге аға мейір бике ай сайын күші бар бұйрық бойынша дәріс өткізді.
Мекемедегі тұрғындар 5 рет тамақтанады. Рационда ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс тағамдары, жемістер, салаттар күнделікті беріледі.
Медициналық - әлеуметтік мекемеде қарттар мен мүгедектерді шөппен емдеу тәсілін кеңінен пайдалану мақсатында фитобар жұмыс жасайды, онда дәрігердің белгілеуі бойынша тұрғындарға шөп жиынтығы дайындалады. Емдік дене шынықтыру кабинеті, сылап уқалау кабинеттері өз жұмыстарын атқарады. Денсаулық жағдайларын ескере отырып, қызмет алушы тұрғындарға емдік денешынықтыру жаттығулары жасалынады. Штат бойынша ЕДШ нұсқаушысы 2 қызметкер.
Ұйымдастырылған жұмыс бойынша денсаулық және жас ерекшеліктеріне байланысты «Денсаулық тобы» құрылды.
1. Ми дағы қан тамырларының бұзылуы - 60 адам
2.Төсек тартып жатқан қызмет алушы тұрғындарға тыныс алу жаттығулары жасалынады – 104 адам
3.Салауатты топтардағы тренажерлық залға барған – 180 адам
4.Тірек – қимыл аппараты жүйесі – 108 адам
5. Мүмкіндігі шектеулі қызмет алушыларға арнайы жабдықталған қондырғылармен әртүрлі жаттығу жасалынады – 200 адам
Барлық тұрғындарға емдеу жүргізіліп, сырқат профилактикасы өткізіліп отырады.
Аурулардың құрылымында бірінші орында тұратындар:
-
Артериалдық гипертония .
-
Созылмалы бронхит.
-
Жүрек аурулары.
-
Тіреу қозғалтқыш аурулар
Жыл бойы медициналық-әлеуметтік мекемеде санитарлық тәртіп бойынша қалалық санитарлық эпидемиялық станциясының жоспарлы тексерулері өткізілді. Тексеріс нәтижесі қанағаттанарлық болып, ешбір ескерту болған жоқ.
Әлеуметтік қызметкерлер жұмысының нәтижесі.
2018 жылғы қаңтар айында өткізілген іс шаралар: 07 күні Рождество Христово мерекесіне орай қызмет алушы тұрғындарға баяндама оқылды. Қаңтар айының 08 күні мекемеміздің ауласында шаңғымен жарыстар өткізілді. Қарттарымыздың қауқар сызданып, бойындағы күш-жігерлерінің сарқылуын күтпей, оларды өмірге ынталандырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, денелерін шынықтырып, таза ауада шаңғыдан жарыс өткізілді. Қаңтар айының 26 күні қыстың аязды күнінде сергіту жасап, қызмет алушылармен бірге ойындар ұйымдастырылып «Қыс» тақырыбына суреттер салып, жұмбақтар шешіп, көңілді кеш өткізілді. Қызмет алушылар арасынан өнерлі суретшілер де, тапқыр жауап иелері де табылды. Сайыс соңында сурет сайысына қатысқан қызмет алушыларға кішігірім сыйлықтар табысталды. Аяғы би кешіне жалғасып, аязды қыста би билеп көңіл көтерген қызмет алушылардың бойлары жылынып, көңіл-күйлері көтеріліп тарқасты.
Ақпан айында өткізілген іс шаралар:1 күні мүмкіндігі шектеулі жандармен таза ауаға шығып мекеме ауласындағы спорттық жабдықтармен сергіту жаттығулары жасалды. 15 ақпанда қызмет алушылармен мекеме ауласында шана жарысы өткізілді.
Наурыз айында өткізілген іс шаралар: 1 наурыз мекемемізде Алғыс айту күні мен көктемнің алғашқы күні мерекесіне орай мекеме ұжымы мен тұрғындарымыз керемет мерекелік кеш ұйымдастырды. 13 күні «Қош келдің, Әз Наурыз», 17 наурызда «Ата салтты ардақтай білейік» атты салт-дәстүр көрсетуден сайыс, 19 наурыз күні «Ұлттық мереке ұрпаққа өнеге» салт дәстүр бойынша қызмет алушы тұрғындарға мерекелік дастарқан жайылып, наурыз көже таратылды, 26 наурызда «Қазағымның дәстүрлері» викторина лық сұрақтар қойылып, жарыс ұйымдастырылды, 29 наурызда «Көктем жаңару белгісі» атты қолөнер жарысы ұйымдастырылып өткізілді.
Сәуір айында өткізілген іс шаралар: 02 күні «1-сәуір Күлкі күніне» орай қызмет алушы тұрғындармен көңілді бас қосу, Қызмет алушылармен әртүрлі қызықты да, көңілді әзілдер айтып, бастарынан өткен күлкілі оқиғаларымен бөлісіп, тіпті ең қатты алданған күндерін де естеріне алды, 04 күні мекемемізде Текелі қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №24-ші өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өртке қарсы қауіпсіздік жаттығулары мен құтқару іс шараларын өткізлді, 04 күні мекемеміздің қызметкерлерінің жұмылуымен «Таза сәрсенбілік» тақырыбында ауланы тазарту шаралары өтті, 25 күні 01 мамыр бірлік күніне орай «Туған өлкем доспен көркем» атты бас қосу болып өтті, 26 сәуір күні бірлік күніне орай қызметкерлер арасында спорттық ойын өткізілді.
Мамыр айында өткізілген іс шаралар: 04 Талдықорған қаласында Қазақстан халықтар ассамблеясының ұйымдастыруымен тамаша концерт болып өтті. Мекемеміздегі тыл ардагерлеріміз осы концертті тамашалап қайтты. 05 мекемемізде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне арнап, қызметкерлеріміз бен қызмет алушыларымыздың ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара болып өтті. 7 мамыр күні «Достығымыз жарасқан» әр ұлт өкілдерінің қатысуымен өтетін викторина лық сұрақтар өткізілді. 15 мамыр күні мекемемізге мерекелік концертпен Талдықорған қаласы, оқушылар сарайының өнерпаздары келіп қарттарымызға өз өнерлерін тарту етті. 16 мамыр күні қызмет алушылар арасында «Отан оттан да ыстық» тақырыбында спорттық ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. 22 мамыр күні «Жеңіс күні» тақырыбында қабырға газеттері шықты.
Маусым айында өткізілген іс шаралар: 07 маусымда «Денсаулық зор байлық» атты тақырыпта қызмет алушылар арасында спорттық ойындарда жарыс болды.15 Астананың 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай адал еңбектеріне тағзым етіп, алғыс білдіру мақсатында мерекелік кеш өткізілді.21 жаздың шуақ жылы күнінде қызмет алушы тұрғындарымызбен шие теріп қайттық. Қызмет алушы тұрғындарымыз таза ауаға шығып шие теріп, шиеден дәм татып, жеміс-жидектің адам денсаулығына падасы мен оларды қалай баптап өсіргені жәйлі әңгіме қозғады. Жарасымды әңгіме мен үлкен еңбекке толы болған жұмысымыз нәтижелі аяқталды. 29 күні Астана қаласының туған күніне арналған «Ару қала Астана!» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шілде айында өткізілген іс шаралар: 04 шілде күні Астана күніне арналған «Астана бақыт бастауы» атты викторина лық сұрақтар ұйымдастырылды. 24 күні мүмкіндігі шектеулі жандарды шынықтыру мақсатында әртүрлі жаттығулар жасалды.
Тамыз айында өткізілген іс шаралар: 15 мекемемізге Астана қаласы медиацияны дамыту орталығының Текелі қаласындағы кәсіби медиаторы Бекежанов Сакен Жебегенұлы дөңгелек үстел өткізді. Басты тақырып медиатор көмегіне жүгіну арқылы дауласқан екі тараптың мәселесін сотқа апармай, ақ-қарасын өзара келісімге келіп анықтау, дауды шешудің ұтымды жолдарын айтты. 22 «Менің Отаным Менің Қазақстаным» атты тақырыпта әңгімелесу кеші өтті. 24 жұлдызында Конституция күніне қарсы мекемеміздің ауласында спорттық ойындардан жарыс болып өтті.
Қыркүйек айында өткізілген іс шаралар: 26 күні «Ал қанекей, аталар мен апалар» сайыс өтті. 27 күні Текелі қалалық Нұр Отан партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ботантаяв М. келіп қарттарымызды құттықтап, мекемемізде атқарылып жатқан іс-шаралармен танысты.28 күні табиғат аясына қызметкерлермен бірге Текелі қаласының саябағына серуенге шықты.
Қазан айында өткізілген іс шаралар: Халықаралық қарттар күніне орай мекемеміздің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қарттарым қазынам» атты мерекелік концерттік бағдарлама болып өтті, сондай ақ мекемемізге Текелі қаласының №8 орта мектебінің оқушылары Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды.
Халықаралық қарттар мерекесіне Текелі қаласының №17 колледжінің білімгерлер мерекелік концерттік бағдарламасын тарту етті. Текелі қаласының әкімі Өнербаев Бақтияр Әлтайұлы арнайы келіп құттықтау сөз сөйлеп мекемеміздің қызмет алушы тарғындарына теледидар тарту етті. Сонымен қатар мәслихат хатшысы Калиновский және Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ұлбосын Кеңесбайқызы Сейдахметовалар қарияларымызды мерекелерімен құттықтады. Құттықтауды мекеме директоры А.М.Нурмыханова жалғастырып, қызмет алушыларды төл мерекесімен құттықтады. Қарияларымыздың жастық шақтарында шырқалған әсем әуендерді еске түсіріп, сүйікті әндеріне би билеп керемет кешке куә болды. Текелі қаласының комбинаты қарттарымызға шаң сорғыш сыйлыққа тарту етсе, Азат «кондитерлік цехы» қарттарымызға дәмді тоқаштарын алып келді. Текелі қаласының №1, №3, №5, №8 орта мектептерінің ұжымы бүлдіршіндерімен қарттар күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды.
Қараша айында өткізілген іс шаралар: мекемемізге Қарабұлақ кентінің «Мерцающие звезды» ансамблі, Обылыстық Сүйінбай Аронұлы атындағы филармония әртістері, Талдықорған қаласының нашар еститін балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының ұжымы, Талдықорған қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мисс Талдықорған 2018» байқауының жеңімпаздары келіп өз өнерлерін паш етті.
Желтоқсан айында өткізілген іс шаралар: Тұңғыш президент күні мерекесіне орай мекемемізде қызмет алушылар мен мекеме ұжымының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара болып өтті, Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік Тұғырым» атты мерекелік іс шара ұйымдастырылды, «Құтты болсын, Жаңа жыл» ойын-сауық би кеші болды, «Жаңа жылдың жарқырасын шамдары» атты викторина лық сұрақтар өтті. Апта бойы «Жыл басын қарсы аламыз!» атты қабаттарда шырша мерекесі өтті. 2018 жылы 31 желтоқсан күні «Жаңа-2019жыл» Бал маскарад мерекелік кеш өткізлді. Орталық ауласы Тұңғыш президент күніне, Тәуелсіздік күніне және Жаңа жылға қарсы қала әкімінің арнайы сыйлығына орай өткізілген жарыста бас жүлдені иеленіп, сыйлыққа теледидар берілді.
Әлеуметтік тұрмыстық қызмет.
Стандартқа сәйкес он сегіз жастан асқан адамға бес шаршы метр жатын бөлмелері берілген, жеке жуынатын бөлмесі бар, жиһазбен жабдықталған және жұмсақ мүкәмәлмен қамтамасыз етілген, қызмет алушылардың шкафтарында киім, аяқ киім, төсек жабдықтары және басқада тұрмысқа қажет бұйымдары орналасқан. Орталықта калориясы теңдестірілген 5 уақыт тамақтандырылады. Ас мәзірі 10 күндік тамақтандыру бойынша ұйымдастырылады. Күнделікті тамақтың құрамына (рационына) ет және сүт өнімдері, жемістер мен көкөністер кіреді.
Медициналық көрсеткіштер бойынша созылмалы аурулары бар қызмет алушылар үшін диеталық үстелдер тағайындалады. Қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып асханада және бөлмелерде тамақтандырылады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1354 қаулысымен бекітілген тамақтану нормалары қадағаланады. Қызмет алушылардың жасына сәйкес дайын тағамның калориялық мөлшері 2500-ден 3000 гКалл-ны құрайды. Тұрғын үй-жайлар, өрт дабылы жүйесі санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес, өрт болған жағдайда дыбыстық ескертулер бар, барлық қабаттарда бейнебақылау жүйесі орналастырылған.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін ыңғайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету үшін мекеменің кіреберісінде және тұрғын үй ғимаратында пандустар бар. Арбада отырған мүгедектердің қозғалысы үшін және қарт адамдар үшін өте қолайлы SL-001 маркалы 650 кг салмақты көтере алатын екі жүк көтергіш лифті қызмет көрсетуде.
2018 жылдың қазан айынан бастап қызмет алушыларды тасымалдау үшін көтергіші бар «Газель» көлігі сатып алынды. Әлеуетті жеткізуші «SAGAT PHARM» ЖШС - нен 10640000 теңгеге сатылып алынды.
Әлеуметтік - еңбек қызметтер.
Орталықта қызмет алушыларға өздерінің шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгеруіне, көркем және спорттық қабілеттерін көрсетуге барлық мүмкіндік жасалынған. Мекемеде әртүрлі клубтар мен үйірмелер ұйымдастырылған. Көптеген жылдар бойы «Ақ Ладья» шахмат клубы, «Надежда» хоры, «Умелые ручки» клубы жұмыс істейді.
Мекемемізде қызмет алушыларға арналған жануарлар жанды бұрышы бар, ондағы тоты құстарды, хомяктарды, гвиней шошқаларды тамашалап, тамақтандырады. Қызмет алушылардың арасында шығармашылық конкурстар - көрмелер (үздік қол өнер бұйымдары, үздік суреттер және т.б.), үздік бөлме, шахмат және дойбы турнирлеріне арналған сайыстар және т.б. өткізілді.
Директордың бекітілген жоспарына сәйкес қызмет алушылар мұражайлар мен көрмелерге барды.
Жеке тұлға Жуматаев Айдос наурыз айында мүмкіндіктері шектеулі жандарға мекеме аумағына жаттығу тренажерлерін орнатты. Әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсетуге арналған арнайы жабдықталған шеберханалар бар. Еңбек түрлерін ұсынатын үш еңбек терапия нұсқаушысы қызмет көрсетеді. Мекемеде әртүрлі клубтар мен үйірмелер ұйымдастырылған. Қолөнер шеберлері, мүгедектік арбаларды, аяқ киім жөндеу және тағы басқа жұмыстарға арналған «Шеберлер» клубына 8 адам, «Шебер қолдар» клубына 10 адам, «Ақ Ладья» клубында 12 адам, «Гүлдер» клубына 12 адам, «Надежда» хорына 15 адам қатысады.
Мекемеде қызметалушыларға арналған жанды бұрыш бар, жануарларға 8 қызмет алушы тұрғын қарайды. Орталықта қызмет алушыларға өздерінің шығармашылық және интелектуалды қабілеттерін дамытуға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгеруіне, барлық мүмкіндік жасалынған. Мекемеге жаңадан келген қызмет алушылармен жеке-жеке жұмыс жүргізіледі. Олармен әңгімелесу барысында икемдеріне қарай әртүрлі еңбектерге баулу жұмыстары жүргізділеді.
Әлеуметтік - психологиялық қызметтер.
Біздің мекемедегі қызмет алушыларды психологиялық жеңілдету үшін сенсорлық бөлме қызмет көрсетеді. Психологтар әлеуметтік және психологиялық кеңес беру, психодиагностика және тұлғаны тексеру, психологиялық тренинг және топтық қызмет, психологиялық қолдау, психологиялық жеңілдету әдістерін қолданады. Арнайы әлеуметтік қызметтерді алушылармен күнделікті көптеген жеке сұхбат жүргізілді. Емдеудің себептері әртүрлі болды, алдын-ала сөйлесулерден адамдар арасындағы қарым-қатынастар арқылы мәдениетті жақсартуға дейінгі барлық шешімдер оң нәтиже беретін әңгімелер, жаттығулар мен сұхбаттасу түрінде өткізіледі.
Жаңадан келіп түскен қызмет алушылар келген күні олардың әрқайсысымен жеке сөйлесіп, оларды тыңдап, жігерлендіріу жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп тұрады.
Күн сайын сенсорлық бөлмеге барып, қызмет алушыларға демалыс пен демалудың релаксация жаттығулары жүргізілді.
01.02.2018ж. Жаман әдеттердің алдын алу бойынша ашық іс-шара өткізілді, оған арнайы әлеуметтік қызмет алушылар мен мамандар шақырылды.
15.03.2018ж.ашық сабақ өткізілді: тақырыбы «Сезімдер әлемінде», онда арнайы әлеуметтік қызметтерді алушылар туыстары мен қызметкерлері шақырылды.
26.04.2018ж. Музыкалық терапияны қолданумен әлеуметтік психологиялық тренинг өткізілді. Арнайы әлеуметтік қызметтерді алушылар мен қызметкерлер шақырылған. Ай сайын өткізілетін әзіл кештер: «күлкі өмірді ұзартады», «Улыбка» клубына бару, топтарда жұмыс істелінді.
08.06.2018ж. Салауатты өмір салты мен шағын дәрістерге байланысты қызмет алушылармен сауалнама жүргізілді.Арнайы әлеуметтік қызметтерді алушылар мен қызметкерлер шақырылды.
Жылы мезгілде қызмет алушы тұрғындармен серуендер, әңгімелер ашық ауада өткізілді.
21.08.2018ж. қызмет алушылармен тестілеу жүргізілді. Арнайы әлеуметтік қызметтерді алушылар мен қызметкерлер шақырылды.
10.10.2018ж. психологиялық денсаулық күні болды. Психологиялық жаттығулар өткізілді. Тренингтер «өмір - менің ең құнды нәрсе». Арнайы әлеуметтік қызметтерді алушыларды туыстары мен қызметкерлері шақырылды.
20.12.2018ж. «кәрілікке бейімделу» тақырыбында психологиялық әңгіме өткізілді. Арнайы әлеуметтік қызметті алушылар және қызметкерлер шақырылды.
1.Психологиялық тренингтер мен жаттығулар: 22
2. Жаңадан түскен қызмет алушы тұрғындармен психологиялық диагностика пакеті: 58
3. Өткізілген шағын– лекция түрлері: 10, дөңгелек үстел: 8.
4. Зиянды әдеттерден арылу үшін психологиялық алдын алу жұмыс жүргізілді.
5. Күнделікті зоотерапияға тамашалағандар саны: 73 адам
6. Сенсорлық бөлмеде күнделікті 30 – 50 адамға психологиялық релаксация өткізіледі. Тиянақты қызмет алушы тұрғындардың туыстарыменен тығыз жұмыс жүргізу барысында 2018 жылы 10 қызмет алушы тұрғын отбасыларына қайтарылды.
Әлеуметтік - мәдени қызметтер.
Қызмет алушылар бекітілген жоспарға сәйкес мекемеде және қалада өткізілетін мерекелік іс шараларға үнемі қатысады. 2018 жылдың Қаңтар айы аралығында жоспарда белгіленген іс-шаралар толығымен іске асырылды.Туған күн иелерін құттықтау, жаңа жылды кім қалай қарсы алғаны туралы қызықты басқосулар өткізілді.
Халқымыздың салт дәстүрлері туралы көптеген мағлұматтар берілді. Рождество мерекесін атап өттік. Мерекелік іс-шара Әлеуметтік қызметкерлермен бірлесе отырып қызмет алушыларды бұл шараға кеңінен баулыдық. Ақпан айында орыс ұлтының қыспен қоштасу,яғни Масленица мерекесін атап өткіздік.
Наурыз айында 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай тамаша концерттік бағдарлама өткізілді. Ақ жаулықты аналарымыздың құшағын гүлге толтырып, көңілдерінен шығатындай концерттік бағдарлама сыйладық. Бағдарлама барысында тамаша ән мен күйлер шырқалды. Кешіміз көңілге жағымды болды.
22-Наурыз қарсаңында «Армысың Әз Наурыз» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, іс-шара барысында келіндер сайысы өткізілді. Мамыр айында «Отан қорғаушылар күні», «Ұлы Жеңіс күні»мерекелері тойланды. «Отан үшін от кешкендер» атты м еркелік іс-шара өткізіліп, соғыс және тыл ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.Ұлы Отан соғысы жылдарынан естелік ретінде маңызды әңгімелер айтылды.Сонау жылдарға барып қайтқандай әсер беретін сұхбат болды.Соғыс жылдарындағы әндер айтылды, артынан «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты көркем фильм көрсетілді. Маусым айында «Рәміздерім – айбыным»атты акциясы өтті.Шілде айында Астана күніне орай «Астанаға 20жыл»мерекелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып өкізілді.Тамыз айында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай белгіленген жоспар бойынша «Ата Заң-айбарымыз»атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шара барысында фойеде бейнетаспа қойылымы көрсетілді.Текелі қалалық Мәдениет үйі жанынан ұйымдастырылған «Надежда»Вокал тобы мереке күніне орай өз бағдарламаларын тарту етіп бізде концертпен қонақта болды.Құрамында 11адам.Көркемдік жетекшілері Саламов П.М. Репертуарларында қазақ,орыс,украин, малдова ұлттық әндер қамтылған.
Сонымен қатар өз тарапымыздан мерекелік концерттік бағдарлама жақсы тілектер айтылды,бағалы сыйлақтар ұсынылды,көңілге жағымды әндер орындалып,қызмет алушыларға жағымды әсер болды.Сонымен қатар облыс орталығы Талдықорған қаласынан І.Жансүгіров атындағы университеті жаратылыстану техникалық факультеті білгірлерінің концерттік қойылымы болды.Жетекшілері Сүлеймен Жантуар.Текелі қаласы мектептері мен тығыз байланыс арқасында әр мереке сайын мектеп оқушылары орталыққа келіп, өз өнерлерін паш етеді.Талдықорған қаласынан ІІМ департаментінің тамаша концерттік бағдарламасы біздің мекеме көркемөнерпаздар үйірмесінің концерттік бағдарламасымен аралас өткізілді.
Жалпы айтқанда қарттарымызды қадірлеп өткізіліп жатқан шаралар декадасы әлі де жалғасын табуда.Сонымен қатар Әлеуметтік қызметкерлер кәсіптік мерекесіне орай көркемөнерпаздар үйірмесінің концерттік бағдарламасы дайындалып өткізілді,белсенді қызметкерлер мақтау қағазымен марапатталды,көңілге жағымды әндер орындалып,бағдарлама соңы би кешіне айналды.Желтоқсан айында Тәуелсіздік мерекесіне орай арнайы бағдарлама кеңінен дайындалып,тәуелсіздік жайында бейнетаспа қойылымы көрсетілді,қызмет алушыларға демалыс би кеші ұйымдастырылды.Жаңа жыл кешіне де арнайы бағдарлама дайындалып,өткізілді.Тамаша шырша орнатылып,зал безендірілді.Ертегі кейіпкерлерінің жақсы қойылымы көрсетілді.Қызмет алушылар балаша мәз-мейрам болып, ризашылықтарын білдіріп жатты.Көңілді әндер орындалып,көпшілік биге араласты.Бағдарлама барысында мекеме басшысы сөз сөйлеп,көпшілікті жаңа жыл мерекесімен құттықтады.Сонымен қатар күнделікті қызмет алушыларды туған күн рәсімімен құттықтау,түрлі тақырыпта демалыс кештері ұйымдастырылып тұрады.
Әр қабатта,фойеде бейнетаспа қойылымдары көрсетіледі.Сондай ақ қалалық іс-шараларға да ат салысып тұрамыз.Біздің мекеме ұжымы қызметкерлері өз өнерлерімен қалалық мерекелерде сахна төрінен көрініп жүр.
Әлеуметтік - құқықтық қызметтер.
Әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріледі, құжаттарды уақытылы рәсімдеуге жәрдемдеседі (жеке куәлік, зейнетақы куәлігі және т.б.)Текелі қаласының ішкі істер бөлімімен бірлесіп келісілген құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған жоспар бойынша іс шаралар өткізіліп отырады. Мекемедегі тұрмыстық мәдени комиссиясының мүшелерімен және учаскелік инспектор полиция майоры Н.Бүйенбаевпен бірлескен ішкі тәртіп ережелерін бұзушылармен түсіндіру жұмыстары дер кезінде жүргізіліп отырады. Мекемедегі әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар бірлесіп салауатты өмір салтын ұстануға ықпал етіп, алкогольдік ішімдіктердің және шылым шегудің зиян екендігін үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Әлеуметтік – экономикалық қызметтер.
Қызмет алушы тұрғындарға міндетті төленетін жеңілдіктер мен басқа да төлемдерді алуға көмек көрсетілді.
2018 жылдың 05-13 сәуір аралығында Текелі қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы А.Мустабеков өрт қауіпсіздігі саласындағы стандарттар мен талаптарды сақтау барысында тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында кемшіліктер табылмады.
2018 жылдың 18-29 мамыр аралығында Текелі қалалық денсаулық сақтау басқармасы кешенді тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында ешқандай кемшіліктер табылмады.
2018 жылдың 26-31 шілде аралығында Текелі қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы А.Мустабеков өрт қауіпсіздігі саласындағы стандарттар мен талаптарды сақтау барысында тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында кемшіліктер табылмады.
2018 жылдың 06-07 тамыз аралығында Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Ахметбекова методикалық көмек көрсетті. Көрсетілген көмек барысында ешқандай кемшіліктер табылған жоқ.
2018 жылдың 16-19 қазан айы аралығында Алматы облысы аппаратының ішкі аудит қызметкері Ә.Ерленов бюджет қаражатын пайдалануды бақылау барысында тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында барлық қаражат сәйкес жұмсалынған, кемшіліктер табылмады.
2017 жылдың 25 – 27 қаңтар айы аралығында Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының маманы Ұ. Жапабаев бюджет қаражатын пайдалануға аудит жүргізді. Тексеру барысында кемшіліктер анықталмады.
2017 жылдың 02-06 ақпан айы аралығында Алматы облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментінің бас маманы А. Тулегенқызы ҚР арнайы әлеуметтік қызмет заңына және ҚР мугедектерді әлеуметтік қорғау заңына сәйкестікті тексеріп өтті. . Тексеру барысында кемшіліктер аныңталмады.
2017 жылдың 10-11 сәуір айы аралығында Алматы облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментінің бас маманы А. Тулегенқызы ҚР арнайы әлеуметтік қызмет заңына және ҚР мүгедектерді йлеуметтік қорғау заңына сәйкестікті, зейнетақы қорының пайдалануын тексеріп өтті. Тексеру барысында кемшіліктер анықталмады.
2019 жылға арналған мекеме қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері:
- стандартта көрсетілген барлық талаптар мен ұсыныстардың орындалуын қатаң қадағалау;
- әр қызметкердің лауазымдық міндеттерінің қатаң орындалуын қадағалау;
- министріліктен, басқармадан және басқа да уәкілетті органдардан келіп түскен тапсырмаларды дер кезінде орындауды қадағалау;
- 2019 жылға құрылған жылдық жоспар бойынша өткізілетін іс шараларды уақытылы өтіп отыруын қадағалау;
- мекеменің барлық құрылымдық бөлімшелерін одан әрі жетілдіру және жаңа әлеуметтік технологияларды енгізу;
- егде жастағы азаматтар мен мүгедектерге қызмет көрсету сапасын арттыру, қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
- мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуын қатаң сақтау, уақытылы тіркеуге қою;
- қызмет көрсетілетін азаматтардың санын көбейту;
- қарт адамдар мен мүгедектер үшін қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жасау;
- мекеме ауласына жеміс ағаштарын отырғызып, көгалдандыру.
Директор А.Нурмыханова