«Уважение к пожилым - честь страны»
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекемесі «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ашылғанына 30 жыл және 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай мекемемізге Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Мұратқызы, Текелі қаласының әкімі Б.Молдахметов, Текелі қалалық мәслихат хатшысы Н.Калиновский, Текелі қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Т.Жұмаділов және Текелі қаласының қәсіпкерлері арнайы ат басын бұрып мерекелерімізбен құттықтап, сый сыйапаттарын табыс етті. Мереке Текелі қалалық мәдениет үйінде «Қарттарын қадірлеген – Ел ардақты» атты концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. Қазан айының алғашқы мерекесі қарттар күнімен құттықтауға Талдықорған қаласының «Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп интернатынан» балаларда өз өнерлерін көрсетті.