Концерт хора ветеранов города Талдыкорган
2016 жылы қазан айының 12 күні Талдықорған қаласының Ардагерлер хоры өздерінің құрдас-сырластарын, замандастарын ортақ мерекелерімен құттықтап, концерттік бағдарламамен өнер көрсетті. Іс-шара басында хор жетекшісі сөз сөйлеп, ата-апаларға құттықтау ашық хаттарын ұсынды.
«Қариялары сыйласқан елден береке кетпейді» демекші, келген қонақтарымыз да, көрермендеріміз де өзара сөзсіз түсініскендей-ақ, кеште, бастан аяқ бір-біріне қолдау танытып, мақтау айтып, өз замандарына бір көз жібертіп өткендей болды. Жандарына жағымды, ескіліктің әндерін қосыла шырқап, шайқала би де биледі. Баянға үн қосып, баяу да, жағымды сазды әуендер шырқалды. Ұзақ уақытқы өмір жолдарын бір саздың бойына тізген қарияларымыз үнсіздікпен тыңдап, жан тыныштығына бөленді.
Бүгінгі күнде, еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта,
ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан
жалықпаған қарияларымыз біздерге, жас ұрпаққа, өз әрекеттерімен, замандастарына деген сый-құрметтерімен үлкен, өмірлік тәлім-тәрбие беріп кетті.
Лутошкина Людмила Игнатьевна замандастарымен бірігіп ән шырқап, Шукеев Шаймерден атамыз Ардагерлер ұжымына ақ тілегін жолдады. Іс-шара соңында, мекемеміздің әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Бүркітбай Ғалымбек сөз сөйлеп, кеш ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.