Новости

НОВОСТИ

"Международный день пожилых людей"

"Международный день пожилых людей"

Мекемемізде 2016 жылғы қыркүйектің 30 күні Халықаралық Қарттар күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Осы мерекеге байланысты Текелі қаласының мәдениет үйінің басшысы өз ұжымымен концерттік бағдарламамен келіп, қызмет алушы тұрғындарымызды құттықтап, керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Үлкенді сыйлау оларға қызмет көрсету ата-бабамыздан келе жатқан салтымыз. Осы салтымызды сақтай отырып, ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасалған игі істеріне ризашылық білдіріп, мақтау айту адамдық парызымыз. Осы бір атаулы мерекеде тілек білдіріп, алғыс айту мекемеміздің басшысы Мухангалиевна Алма Нурмыханованың құттықтау сөзімен басталды. Өз сөзінде мекеме басшысы қарттарымызға жылы лебізін білдіріп, ақ тілектерін ақтарды. Сонымен қатар мекемемізде атқарылған іс-шаралар мен болашақта атқарылатын жұмыстардан хабар беріп өтті.

Қазіргі таңда біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударылып, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Осы тұста Текелі қалалық ТЭЦ басшысының орынбасары өзінің құттықтау сөзін жолдап, мекемелерінің атынан сыйға тартты. Өз кезегінде Текелі қаласының Тау-кен байыту комбинатының кәсіподақ төрайымы сөз-сөйлеп, өз ұжымының атынан "Ет тартқыш машина" сыйға тартты. Шара барысында Текелі қалалық зейнетақы төлеу бөлімінің басшысы Б.К. Акимбеков құттықтау сөз сөйледі. Бұдан әрі Текелі қаласының №1 мектебінің директоры Г. Койгелдиева ақ тілегін білдіріп, қарттарымызға өз мектеп ұжымымен келіп, мерекелік кеш өткізетіндіктерін айтып қуантты және де Текелі қаласының «Алақай» кондитерлік фабрикасы тәтті тоқаштарын тарту етті. Кеш барысында әр ұлттың тілінде әндер шырқалып, би биленді. Қарияларымыз да құттықтаушыларға алғыстарын білдіруді ұмытпады. Қызмет алушылар арасынан Л.И. Лутошкина бағдарлама ұйымдастырушыларға алғыс сөз білдіріп, өз орындауында әсем ән тарту етті.

Мерекелік іс-шара көтеріңкі көңіл күй, жылы лебіз, ақ тілекпен аяқталды. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ал ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.