«Прошлое, настоящее и светлое будущее народа Казахстана»

Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекемесі «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алушылармен 2024жылдың 07-ші қарашасы күні «Қазақстан халқының өткені, бүгіні және жарқын болашағы» тақырыбында викториналық сұрақ- жауап түрінде өтті. Осы тақырып бойынша қызмет алушыларымызға лекция оқылып, сұрақтар берілді. Қазақстан Республикасының өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың айырмашылығы туралы аталарымыз өз ойларын айтып, өзгелермен бөлісті. Сондай-ақ қазақ халқының мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер көп екенін айтып өтті.