«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы жарты жылдыққа жасалынған жұмысының есебі
«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы жарты жылдыққа жасалынған жұмысының есебі
«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі 350 орынға есептелген, оның ішінде 30 орын күндізгі болу бөлімі.
Орталық ғимараттары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді және кедергісіз қозғалысты қамтамасыз ететін арнайы тұрмыстық құрылғылармен жабдықталған. Штат бойынша қызметкерлер мен жұмысшылардың жалпы саны – 240,5 бірлік, мекеме кадрлармен қамтамсыз етілген.
Біліктілігін арттырудан өткен мамандардың саны 100% пайызды құрайды. «Шапағат» орталығы 2019 жылғы 13 мамырдағы № 238 әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласындағы басқа да заңнамалық актілерді басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.
01.01.2020 жылғы есеп бойынша қызмет алушы тұрғындар саны 313 адам.
|
Ер адам
|
196
|
|
Әйел адам
|
117
|
Ұлттық құрамы бойынша:
|
Қазақ ұлты
|
126
|
|
Орыс ұлты
|
152
|
|
Басқа ұлттар
|
35
|
Жас құрамы бойынша:
|
20 - 30 жас аралығында
|
1
|
1 топ мүгедегі
|
|
31 - 40 жас аралығында
|
3
|
1-2 топ мүгедегі
|
|
40 – 50 жас аралығында
|
11
|
1-2 топ мүгедегі
|
|
51 – 60 жас аралығында
|
19
|
1-2 топ мүгедегі
|
|
61 – 80 жас аралығында
|
201
|
Қарттар
|
|
81 - 90 жас аралығында
|
71
|
Қарттар
|
|
91 - 100 жас аралығында
|
7
|
Қарттар
|
19.06.2020 жылғы есеп бойынша қызмет алушы тұрғындар саны 293адам.
|
Ер адам
|
190
|
|
Әйел адам
|
103
|
Ұлттық құрамы бойынша:
|
Қазақ ұлты
|
121
|
|
Орыс ұлты
|
141
|
|
Басқа ұлттар
|
31
|
Жас құрамы бойынша:
|
31 - 50 жас аралығында
|
13
|
1-2 топ мүгедегі
|
|
51 – 60 жас аралығында
|
15
|
1-2 топ мүгедегі
|
|
61 – 70 жас аралығында
|
97
|
1-2 топ мүгедегі
|
|
71 - 80 жас аралығында
|
101
|
1 топ мүгедегі
|
|
81 - 90 жас аралығында
|
61
|
Қарттар
|
|
91– 100 жас аралығында
|
6
|
Қарттар
|
Орталықта барлығы 60 қызмет алушы мүгедектер бар, соның ішінде:
|
1 топ мүгедегі
|
30
|
|
2 топ мүгедегі
|
29
|
|
3 топ мүгедегі
|
1
|
Мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасы әзірленген. Мекемеге жаңадан келген мүгедектің бүкіл құжаттары Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткізіледі. Әр тоқсанда жеке оңалту бағдарламасының орындалуы бойынша мониторинг құрастырылады.
30.06.2020 жылы жеке оңалту бағдарламасының орындалуы 82 % құрайды.
2020 жылдың басында мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтерді сапалы жүргізу мақсатында жылдық жұмыс жоспары құрылып мекеменің директорымен бекітілді.Мекемемізде құрылған қоғамдық кеңес мүшелері мен мәдени тұрмыстық комиссия мүшелері бірігіп тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік тауарлар келген жағдайда жеткізушілерден қабылдап алып, арнайы журналдарға тіркеу жүргізеді.
Қызмет алушы тұрғындардан келіп түскен өтініштер мен сұраныстары арнайы кітапшаға тіркеп, мәдени тұрмыстық комиссия мүшелерімен бірге қарастырып, сапалы түрде шешімі шығарылады.Мекемемізде өткізілген әрбір іс-шаралар мен келген қонақтарымыз жайлы мәліметтер мен фотоотчеттар мекеменің жеке сайтында және инстаграмм, фейсбук әлеуметтік желілерінде жарияланып отырады.
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 16 наурызынан 15 сәуір аралығында коронавирус COVID-19инфекциясының алдын алу мақсатында Республика деңгейінде төтенше жағдай №285 жарлығын іске асыра отырып, қызмет алушы тұрғындармен жұмысшылардың денсаулық жағдайын бақылау үшін мекемеміз 2020 жылдың 01 сәуірінен карантиндік режимге ауысты. Сонымен қатар жұқпалы аурудың жаппай таралу жағдайын болдырмау үшін бақылау күшейтіліп, арнайы жұмыс жоспары мекеме директорымен бекітілді, бекітілген жоспар бойынша топ құрылды.
Топтың жоспары бойынша мекемеде 5 фильтр орналасқан. Мекеменің кіреберіс қақпасында жалпыға бірдей №1 Фильтр бар. Онда қатаң түрде жұмысшылар мен қызметкерлер күнделікті дене қызуын тексерту арқылы ғимаратқа және мекеме ауласына кіреді. Сондай ақ, ескі корпустың Б блогындажұмысшылар мен медицина қызметкерлеріне арналған №2 Фильтр, жаңа корпустың қызметкерлеріне арналған Е блогында №3 Фильтр, асхана қызметкерлеріне арналған В блоктағы №4 Фильтр және әкімшілік қызметкерлеріне арналған В блоктағы №5 Фильтрлер қазіргі таңға дейін күндіз-түні жұмыс атқарып тұр. Мекемеміздің қызмет алушы тұрғындары мен қызметкерлері жаппай маска режиміне ауысты. Төтенше жағдайға байланысты қызмет алушы тұрғындарымызға мекеме аумағынан шығуға және туған-туысқандарымен кездесулеріне тыйым салынып, туған-туыстарымен телефон, интернет арқылы сөйлесу ұйымдастырылды. Текелі тынысы газетінің үш нөміріне мекеменің медицина бөлімінің меңгерушісі Е.Б.Малекбаевтың және директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасарыГ.Бүркітбайдың телефон нөмерлері жарияланды.
Коронавирустың бірінші толқыны бойынша ағымдағы жылдың сәуір айының 1-нен бастап қызметкерлеріміз үш ауысымға бөлініп, он тәуліктік жұмыс режиміне ауысты.
Қызмет алушы тұрғындардың көп жиналмауын қадағалап, барлық қызмет алушы тұрғындарға мамыр айының 11 жұлдызынан бастап бөлмелерінде тамақтандыру ұйымдастырылды. Қызмет алушы тұрғындарға тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, құқықтық және экономикалық қызметтер тұрақты түрде бөлмелерінде көрсетілуде.
Мекемеміздің 271 қызмет алушы тұрғындары мен 247 қызметкерлері COVID-19ға сынама тапсырып, тапсырылған сынамалар теріс нәтиже көрсетті. Мекемеде үнемі күшейтілген санитарлық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Атаулы мерекелік іс - шаралар қашықтықтан атқарылды. Мекемемізде 42 тыл ардагері, 2 соғыс жесірлері бар, осыған байланысты 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерей тойы мекеме ауласында өткізіліп, тыл ардагерлері 2 метр қашықтықтан, қызмет алушы тұрғындар ғимараттың балкондары мен терезелерінен тамашалады. Жоғары деңгейде өткізілген іс-шараға «Жетісу» телеарнасының түсірілім тобы қатысып, жергілікті «Текелі тынысы» газетінің өкілдері газет бетіне жариялады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты үндеу жасады.
25 мамыр Коронавирустың екінші толқыны кезеңінде қызмет алушы тұрғындарға карантиндік режим қатаң түрде сақталып, тек қызметкерлер ғанақалыпты жұмыс тәртібіне көшіп, мекемеде қонудан босатылды. Мекемеде үнемі күшейтілген санитарлық залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу сақталуда.
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылды.
Қызметкерлердің басым көпшілігі, соның ішінде Текелі қаласынан тыс жерде қатынап істейтін қызметкерлер толықтай коронавирус COVID-19 вирусына байланысты 2020 жылға арналған еңбек демалыстарына жіберілді.
Қызмет алушы тұрғындардың жақындарымен хабар алысуы үшін компьютерлік бөлме жабдықталып онлайн тілдесуге мүмкіндік жасалынды.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37, 2020 жылдың 30-шы мамырдағы №38, 2020 жылдың 6-шы маусымдағы №39 Қаулыларына сәйкес, Алматы облысы аумағында COVID-19 сырқаттанушылығының 5,5% өсуіне байланысты карантин шараларын 1 шілдеге дейін қолдану жалғасуда.
Әлеуметтік медициналық қызмет.
Орталықта медициналық қызмет қолданыстағы лицензияға сәйкес жүзеге асырылады.Мекеме дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген, арнайы мамандырылған дәрігерлер қызмет атқарады.Дәрігерлер қызмет алушыларды үнемі тексеріп, емдеп, динамикалық диспансерлік бақылауды,сондай-ақ медициналық және әлеуметтік оңалту жұмыстары жүргізеді. Терапияда соңғы дәрі-дәрмектерді қолданумен емдеудің заманауи әдістері көрсетіледі. Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығының дәрігерлері емдеу мәселелеріне кешенді көзқараспен, уақытылы сараптама жасап, денсаулық жағдайын үнемі қадағалау арқылы қызмет алушылардың өмірін мүмкіндігінше ұзартады.
Қарттар мен мүгедектігі бар төсек тартып жатқан қызмет алушыларға арналған демалыс, мазмұны бар әлеуметтік, мәдени және жеке қызметтер көрсету үшін жағдай жасалынған, әлеуметтік-медициналық және консультациялық қызметтер тікелей тұрғын бөлмелерінде жүргізіледі. Тұрғындардың осы санатына күтім жасау үшін жеке гигиена өнімдері мен реабилитацияның техникалық құралдары пайдаланылады: функционалдық төсек, Бубновский тренажеры, декоративті матрацтар, жаяу жүргіншілер, жәшіктер, мүгедектер арбалары, жылжымалы үстелдер, ванна көтергіштері, мүгедектер арбасына арналған пандустар және басқа да құрылғылар мүгедектердің өмірін жеңілдету үшін қолайлы.
Мекеме əлеуметтік қызметтерді қызмет алушыларға және жеке адамға жақсы көзқараспен қарауға, олардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ əлеуметтік қызметтердің түрлері туралы толық, қол жетімді болу үшін жүргізіледі.
Қызмет алушылар РПН –ға тіркелген, аурулардың амбулаторлық карталары толтырылады.
Орталықта алты медициналық пост тәулік бойы жұмыс жасайды. 2020 жылдың басынан 54 қызмет алушы скринингтен өтуі жоспарланған. 12 ай бойы жоспар бойынша 54 скринингтік қызмет көрсетіледі.Дәрігерлер созылмалы аурулары асқынғанда және дәрігерлерге қаралуға келгенде дәрігерлік кеңестер беріледі.Медициналық көрсеткіштер болған жағдайда қаланың және облыстың бейіндік стационарлық бөлімшелеріне ем алуға орналыстырылады.
Әлеуметтік тұрмыстық қызмет.
Стандартқа сәйкес он сегіз жастан асқан адамға бес шаршы метр жатын бөлмелері берілген, жеке жуынатын бөлмесі бар, жиһазбен жабдықталған және жұмсақ мүкәмәлмен қамтамасыз етілген, қызмет алушылардың шкафтарында киім, аяқ киім, төсек жабдықтары және басқада тұрмысқа қажет бұйымдары орналасқан. Орталықта калориясы теңдестірілген 5 уақыт тамақтандырылады. Ас мәзірі 30 күндік және 10 күндік тамақтандыру бойынша ұйымдастырылады. Күнделікті тамақтың құрамына (рационына) ет және сүт өнімдері, жемістер мен көкөністер кіреді.
Медициналық көрсеткіштер бойынша созылмалы аурулары бар қызмет алушылар үшін диеталық үстелдер тағайындалады. Қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып асханада және бөлмелерде тамақтандырылады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 277 қарашадағы № 896 бұйрығымен бекітілген белгіленген тамақтану нормалары қадағаланады. Қызмет алушылардың жасына сәйкес дайын тағамның калориялық мөлшері 2500-ден 3000 гКалл-ны құрайды. Тұрғын үй-жайлар, өрт дабылы жүйесі санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерге, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес, өрт болған жағдайда дыбыстық ескертулер бар, барлық қабаттарда бейнебақылау жүйесі орналастырылған.
Мүмкіндіктері шектеулі қызмет алушы тұрғындарға ыңғайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету үшін топтың кіреберісінде және тұрғын үй ғимаратында пандустар бар және қол арбамен қозғалатын мүмкіндігі шектеулі қызмет алушы тұрғындар үшін 90 сантиметрлік есіктер, сонымен қатар қол жетімді деңгейде қоңырау шалу тетіктері орналасқан. «Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз ортаны» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс» - деді. Бұл бізді рухтандырады. Мүгедек азаматтарға кедергісіз орта құруға біз де ат салысамыз. Арбада отырған мүгедектердің қозғалысы үшін және қарт адамдарға өте қолайлы SL-001 маркалы 650 кг салмақты көтере алатын екі жүк көтергіш лифті қызмет көрсетеді, тұрғындардың арасында арнайы тамақтануға арналған құралдармен бірге қауіпсіз жүруге арналған (ходуноктар, таяқтар, мүгедектер арбалары) кеңінен қолданылады. Сондай-ақ мекеменің бірінші қабатына қызмет алушы тұрғындардың сұранысы арқылы зейнетақыларын алу үшін КАЗ поштаның банкоматы орнатылған.
Әлеуметтік - еңбек қызметтер.
Орталықта қызмет алушыларға өздерінің шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгеруіне, көркем және спорттық қабілеттерін көрсетуге барлық мүмкіндік жасалынған. Мекемеде әртүрлі клубтар менүйірмелер ұйымдастырылған.
Көптеген жылдар бойы «Ақ Ладья» шахмат клубы, «Надежда» хоры, «Умелые ручки» клубы жұмыс істейді.
Мекемемізде қызмет алушыларға арналған жануарлар жанды бұрышы бар,ондағы тоты құстарды, хомяктарды, гвиней шошқаларды тамашалап, тамақтандырады.
Әлеуметтік - психологиялық қызметтер.
Біздің мекемедегі қызмет алушыларды психологиялық жеңілдету үшін сенсорлық бөлмеде қызмет істейді.
Психологтар әлеуметтік және психологиялық кеңес беру, психодиагностика және тұлғаны тексеру, психологиялық тренинг және топтық қызмет, психологиялық қолдау, психологиялық жеңілдету әдістерін қолданады.
2020 жылдың басынан отбасыларына қайтарылғандар саны - 9.
Әлеуметтік - мәдени қызметтер.
Қызмет алушылар бекітілген жоспарға сәйкес, сондай-ақ коронавирус COVID-19 пандемиясына орай мекемеде іс-шаралар қашықтықта ұйымдастырылуда.
Әлеуметтік - құқықтық қызметтер.
Әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріледі, құжаттарды уақытылы рәсімдеуге жәрдемдеседі (жеке куәлік, зейнетақы куәлігі және т.б.)
Текелі қаласының ішкі істер бөлімімен бірлесіп келісілген құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған жоспар бойынша іс шаралар өткізіліп отырады. Мекемедегі тұрмыстық мәдени комиссиясының мүшелерімен және учаскелік инспектор полиция майоры Н.Биембаевпен бірлескен ішкі тәртіп ережелерін бұзушылармен түсіндіру жұмыстары дер кезінде жүргізіліп отырады. Мекемедегі әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар бірлесіп салауатты өмір салтын ұстануға ықпал етіп, алкогольдік ішімдіктердің және шылым шегудің зиян екендігін үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Әлеуметтік – экономикалық қызметтер.
Қызмет алушы тұрғындарға міндетті төленетін жеңілдіктер мен басқа да төлемдерді алуғакөмек көрсетілді.
Директор А.Нурмыханова